Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.
«Мемлекет басшысы «Жасыл экономика» жобасын дамытуды тапсырды. Осы мақсатта облыста қуаттылығы 50 мегаватт болатын жел электр стансасын салу үшін әлеуетті инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар жерасты суларын пайдалану мақсатында Бали және Жаңасу жерасты суларын тазарту және тұщыландыру жобалары қарастырылуда.
«Атырауда ауызсу қашаннан ең өзекті мәселе болып келді және қала бермек. Жерасты су көздерін игеру аталмыш проблеманы шешуге біршама көмектеседі», - деді Б.Ізмұхамбетов.