«Қазіргі кезде отбасы типіндегі «Шаңырақ» балалар үйінде 59 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйі бейімделген ғимараттарда орналасқандықтан, жергілікті билік бізге қолұшын созып, қала маңынан 3 гектар жер бөлді. Жоба-сметалық құжаттама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан соң құрылыс басталады. Ауылда сегіз ғимарат, спортпен айналысу және мәдени шаралар өткізуге арналған кешен, спорт алаңы болады», - дейді «Шаңырақ» балалар үйінің директоры Гүлсара Ботатаева.
Сондай-ақ бұл аумақта қосалқы шаруашылық құру көзделіп отыр.