Бұған дейін Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Елдар Ақылбек 2 қыркүйекте үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.
«Ал оның анасы 11 қыркүйекте төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған. Содан бері полиция қызметкерлері кешенді іздестіру іс-шарасын жүргізді. Атырау қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 20 қыркүйекте жоғалып кеткен жігітті Исатай ауданының Аққыстау елді мекенінен тапты. Ол анасына аман-есен тапсырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.