Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған.
«Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағын ауданында табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық уодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 51 жастағы тұрғын ауласында асылып қалған еді.