Атырауда жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші ұсталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 27 жастағы жүргізуші көлігімен жолдың қарсы жолағына шығып, «Opel Astra»-мен соғылған. Бұл туралы бүлінген көліктің жүргізушісі 102 операторына хабарлап, шағым түсірген.

«Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының кешкі сағат 20:15 шамасында қаладағы Берғалиев көшесінде болғанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы болған жерде сызба жұмыстары жасалып, тиісті іс-құжаттар рәсімделді. Іздестіру жүргізіліп, нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасап, ізін жасырған «Сhevrolet Cruise» автокөлігінің жүргізушісі екені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы, 1-бөлігімен (Көлікті бүлдіру), 611-бабы, 2-бөлігімен (Оқиға орнын тастап кету) әкімшілік хаттамалар толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан 24 жүргізуші

жазаланғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар