«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның омыртқасы, оң жақ жамбасы сынып, қарнына кеудесіне және миына зақым келген. Бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдай ауыр бірақ тұрақты»,-деп хабарлады Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Сергей Хван.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы өткен сенбі күні қала маңындағы ауылдардың бірінде болды. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолдың алдында тұрған адамдарды соғып өтті. Қолына 3 жастағы баласын ұстап тұрған 37 жастағы әйел інісін итеріп үлгерген. Алайда ол да соққы алды. Ал 3 жастағы баласын ұстаған әйел оқиға болған жерде көз жұмды. Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.