«Алдын ала тергеу барысында «Toyota Hilux Pick Up» көлігі Құлсары жақтан келе жатқаны анықталды. Бұрылыс кезінде жүргізуші солға бұрылатыны жайлы ескертетін дабылды қосады. Артында келе жатқан «Volkswagen Sharan» маркалы көлік жүргізушісі қашықтықты сақтап, жылдамдықты қосады. Алайда олардың артында келе жатқан үшінші «Volkswagen Sharan» маркалы көлігінің жүргізушісі алдағы көлікті басып озбақ ниетпен солға бұрылады.
Рөлді басқара алмаған соңғы «Volkswagen Sharan» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota Carina» көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан «Toyota Carina» маркалы көліктің 36 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілді. «Volkswagen Sharan» көлігінің жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілді.
«Ішінде 5 және 6 жастағы бала бар алты жолаушы «Доссорға» ауруханаға апарылды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде.