АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам мерт болып, екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы 3 тамызда сағат 14:00 шамасында «Жұлдыз» ықшамауданында болған. Шетелдік «Nissan Murano» және «Nissan Teana» көліктері соқтығысқан.
Оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Ал, 34 және 40 жастағы екі ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.