Пайдаланушылар хабарлағандай, апат «Жұмыскер» мен «Балықшы» шағынаудандарын біріктіретін көпір аумағында болды. "Вольксваген Поло" маркалы полицей көлігі мен «Лада Приора» соқтығысты. Олардың бірі аударылып кетті.
«Апат қалай орын алғаны, зардап-шеккендердің бар-жоғы анықталу үстінде», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.