«Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында рульде отырып телефонмен сөйлескен, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаған, ксенондық шамдар орнатқан, рейске шығардан бұрын тексермеген, жылдамдық арттырған, маневр жасау ережесін бұзғандар жиі кездесті. Бір күннің ішінде мұндай бұзушылықтың 105-і анықталды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Рейд барысында мас күйінде жолаушылар тасымалдаған «ГАЗел» жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар 18 ақпанға дейін жалғасады.