АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Индер ауданында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға 20 тамызда сағат 05:00 шамасында болған.
«Индер-Теміржолы» ЖШС директорының орынбасары Берік Ишанғалиевтың ақпаратына қарағанда, Мақат стансасынан 16 жүк вагонын тіркеген тепловоз жолға шыққан. Үш вагонға жүк тиелген.
Қазіргі болжам бойынша, апат тепловоз машинисінің ұйықтап қалуынан болуы мүмкін. Алайда, машинист зардап шекпеген. Қазір аталған оқиғаға орай тексеру жүріп жатыр.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.