Атырау облысы ТЖД судағы құтқару стансасының ақпараты бойынша, бірінші қайғылы оқиға қала маңындағы Жұмыскер кентінде орын алды. Онда 9-сынып оқушысы суға батып кетті. Баланың мүрдесі судан табылып, шығарылды. Содан бірнеше минут өтер-өтпестен құтқарушылар дереу қала маңындағы өзге бір кентке аттанып кетті. Онда екі 8-сынып оқушысы суға секіріп, су бетіне шықпай қалған. Бұл балалардың да денесі судан табылып, шығарылды. Біздің анықтама. Атырау облысында соңғы күндері аптап ыстық болып тұр. Бүгін ауа температурасы 36 градусқа дейін көтерілді. Ыстықтан балалар мен жас жеткіншектер Жайық өзеніне қарай ағылуда. Бірақ суға түсу маусымы әлі ашылған жоқ. Өйткені өзенге ағып жатқан су толастар емес, ағыс күннен күнге күшейіп барады. Мұндайда суға түсу адам өміріне қауіп төндіреді.
01:42, 17 Мамыр 2014
Атырауда жұма күні кешке 3 жеткіншек Жайық өзеніне батып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жұма күні кешке 3 жеткіншек Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз А. Соколов.