Семинарға облыстық баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері журналистерге алдағы сайлаудың мән-жайы туралы әңгімелеп берді. Сайлау туралы заңның баптары мен сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізу жұмыстарына қатысты оған енгізілген өзгертулерге түсіндірме жасалды.
13:36, 07 Наурыз 2011
Атырауда журналистерге сайлау үдерісі туралы түсіндірме берілді
АТЫРАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін құқықтық үйлестіру» тақырыбына арналған семинар өтті.