Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұржан Жақатаевтың
мәліметінше, өрттің басым бөлігі жеке сектордағы нысандарда болған.
«Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдаланудағы абайсыздықтан шыққан өрттен 5 адам
көз жұмып, 3 адам жарақат алды. Өрттің салдарынан келген материалдық залалдың
көлемі 200 млн 367 мың теңгені құрады», -дейді Нұрдан Жақатаев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қарияны өрттен
құтқарып қалғанын жазған едік.