Атырауда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған
14:44, 09 Шілде 2021
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың
айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы – 67.
«Соңғы он күнде өңірде өлім көрсеткіші 50%-ға өсті. Ал жыл басынан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 160 адам қайтыс болды. Олардың дені–созылмалы ауруы бар егде жастағы адамдар», -дейді Қайсар Абдалиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтардың 50 пайызы коронавирусты тойдан, базардан,
түнгі клубтан жұқтырғанын хабарлаған едік.