Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, түнімен көше кезген 1500-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен әкімшілік жауапқа тартылған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды үнемі қадағалайды. Осыған байланысты жүргізілген рейдтердің нәтижесінде биылғы 11 айда кәмелетке толмаған 52 жасөспірімді, қолайсыз 28 отбасының 51 баласын басқарманың есебіне алды», -дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде көлік жүргізген жігіт б ас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз.