Атырауда жыл қорытындысы бойынша өз кәсібінің үздігі деп танылған әйелдердің есімдері аталған фестиваль өтті
19:29, 25 Желтоқсан 2009
АТЫРАУ. 25 декабря. КАЗИНФОРМ /Андрей Соколов/ - Кеше Атырауда жыл қорытындысы бойынша өз кәсібінің үздігі деп танылған әйелдердің есімдері аталған «Құштарлықпен қанаттанған әйелдер» фестивалі өтті.
«Бұл фестиваль - әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өткізетін ең маңызды іс-шаралардың бірі. Оған өтіп бара жатқан жылы айтарлықтай табыстарға жеткен ауылдық жерлерде тұратын әйелдер, бизнеспен шұғылданатын ханымдар және әйел-басшылар шақырылды», - деді облыстық мәслихаттың депутаты Әлия Бекқожиева.
Әйел мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, бизнесмендер, мемлекеттік қызметшілер үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және полицейлер грамоталар мен бағалы сыйлықтар алды.