АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында жылу беру маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың мәлім етуінше, қолданыстағы нормативке сәйкес, үш тәулік бойы сыртқы ауа температурасы 8 градустан жоғары болуы қажет. Сонда жылу беру маусымы 15 сәуірде аяқталуы тиіс еді.
«Бірақ, төтенше жағдайға байланысты қалыптасқан ахуалды ескеріп, Атырау қаласы әкімінің шешімімен жылу беру маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды» -деді Ринат Жаңғылышов.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.