Атырауда жылудың бағасы 22,5 пайызға өсті
Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясын бөлу және тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет тарифін бекіту үшін өтінім түскен.
Бұған дейінгі тариф 1 Гкал үшін қосымша құн салығынсыз 6 048 теңге еді.
«Өтінім берудің негізгі себебі – инвестициялық бағдарламаның өзгеруі және қызметкерлердің орташа айлық жалақысын өсіру. «Атырау жылу жүйелері» АҚ ұсынған жобада тарифті 1 Гкал үшін қосымша құн салығынсыз 9 720,45 теңгеге өсіру ұсынылды. Бұл бұрын бекітілген тарифтен 3 672,5 теңгеге, немесе 60,7 пайызға артық. Департамент мамандары монополист субъектінің өтінімін мұқият талдап, тарифті 1 Гкал үшін қосымша құн салығынсыз 7406,53 теңге мөлшерінде бекіту жөнінде шешім қабылдады. Жаңа бағаның өсімі бекітілген тарифтен 1358,53 теңгені немесе 22,5 пайызды құрайды», -деп хабарлады өңірлік департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 2023 жылға арналған бекітілген тариф шеңберінде Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп инвестициялық бағдарламаға өзгеріс енгізілген.
Инвестициялық бағдарлама жылумен жабдықтау саласындағы тозу мен апатты жағдайды төмендетуге, қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалақысын 1 маусымнан бастап 105,7%-ға арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.
Еске сала кетелік, бұған дейінАтырау облысында электр қуатының тарифі 12,17 пайызға өскенін жазған болатынбыз.