Атыраудағы әуежайдың өткізу бекетінде Венгрия азаматының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеріс басталды
20:07, 11 Желтоқсан 2012
АТЫРАУ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Атырау» халықаралық әуежайында Венгрия азаматының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша шекарашылардың әрекеттерін тексеру бойынша тергеу алдындағы амалдар жүргізілуде.
ІІД баспаөсз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, Венгрияның 42 жастағы азаматы Ласло Батт облыстағы компаниялардың бірінде жұмыс істеді. Еңбек келісім-шартының бұзылуынан кейін 23 қараша күні ол Қазақстаннан Ыстамбұлға, ол жақтан Киевке ұшып шықты. Бірақ украиналық шекарашылар оның құжаттарынан қателік тауып, қайтадан Түркияға аттандырды. Түркиялық шекарашылар Венгрия азаматын Атырауға жіберді. Жергілікті шекарашылар Ыстамбұлға рейсті күтіп, венгриялық азаматты үш тәулік бойы әуежайдың шекара бақылау аймағында ұстады. Оны Түркияға аттандыру керек күні ол өзіне өзі қол жұмсады.
ҚР ҰҚК шекара әскерлерінің әскери полициясының ерекше бөлімі шекарашылардың әрекеттеріне қатысты тергеу алдындағы тексерісті жүргізуде.