Бұған дейін автобустың бетон қоршауға соқтығысқаны хабарланған еді.
«Алдын ала болжам бойынша, руль тартқыштың істен шығуынан жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған, - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. - Соқтығыс салдарынан екі жолаушы зардап шеккен. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылды».
ҚР ӘКБК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бірқатар сараптама тағайындалды, деп толықтырды өз сөзін Г.Мұхтарова.