Атыраудағы бірнеше елді мекенде тағы жарық болмайды
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең, 18 шілдеде шаһар маңындағы бірнеше елді мекен мен шағын ауданда жарықты өшіру жоспарланып отыр.
«Ертең, 18 шілдеде электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында кейбір мекенжайларда жарық сөндіріледі. Жөндеу жұмыстарын «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің мамандары жүргізеді», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, жергілікті уақытпен сағат 09:00-17:00 аралығында Атырау қаласындағы «Вокзал маңы-3а» шағын ауданында орналасқан №16а,17а,18а,20а,21а, 22а үйлерде, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Молдағалиев, Ә.Сарсенбаев, Афанасьев, Нәубетов көшелері мен Адырыс өткелінде, Еркінқала ауылындағы Есқалиев, Аманов көшелерінде электр жарығы болмайды.
Ал, сағат 09:00-ден сағат 18:00-ге дейін Береке кентіндегі Қобыланды батыр, Ш.Уәлиханов көшелерінде, сағат 10:00-15:00 аралығында Сарықамыс шағын ауданындағы Бөкен би көшесіндегі №17, Ш.Құдайбергенов көшесіндегі №1, Бөкеев көшесіндегі №17 және М.Ғабдуллин көшесіндегі №11 үйге электр қуаты берілмейді.
Сондай-ақ сағат 10:00-17:00 аралығында Контейрный, Береке шағын аудандарында, Жерұйық шағын ауданындағы Нәрембаев көшесінде, Нұрсая шағын ауданында орналасқан Елорда даңғылында, Геолог, Бірлік елді мекендерін электрмен қамту жұмысын уақытша тоқтату жоспарланған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда электр қуатының қайта-қайта өшуіне не себеп болғанын хабарлаған едік.