Кеш қонақтарының қатарында Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Александр Винокуров, «Астана» велокомандасының мүшелері мен кәсіпкерлер, түрлі компания мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аукциондағыең қымбат лот «Vino Bike» велосипеді - 10 млн 400 мың теңге. Оны Құлсары қаласынан келген отбасы сатып алды. Осы отбасы екінші коллекциялық Аргон 18 велосипедін 5 млн 400 мың теңгеге бағалады.
«Кәсіпкердің әйелі Самал велосипедтерді өздерінің кішкентай ұлдарына сыйлайтынын айтты»,-дейді аукцион ұйымдастырушылары.
Сонымен қатар, аукцион барысында Майк Тайсонның өз қолтаңбасы бар қолғаптары 3 млн 200 мың теңгеге бағаланды, Рой Джонсонның қолтаңбасы бар қолғаптар 1 млн 200 мың теңге болды.
Қайырымдылық аукционында екі чемпионның қолтаңбалары бар жейделер, сирек кездесетін велосипедтер, сонымен қатар ең ірі европалық велотур өтетін Испанияның Вуэльта қаласына 3 күндік тур ойнатылды. Александр Винокуровтың өзі Рой Джонсонның қолтаңбасы бар қолғаптардың иесі атанды. Олимпиада чемпионы лотты 1 млн 200 мың теңгеге бағалады»,- дейді ұйымдастырушылар.
Аукционда «Астана» велокомандасы мен Атырау облыстық спортты дамыту және қолдау қоғамдық қоры атынан барлығы 12 лот саудаланды.
Қайырымдылық шарасы кезінде 34,4 миллион теңге қаржы түсті.
Барлық қаржы Атырау облысындағы велоспортты дамытуға жұмсалады.
Абай Ақмұрзиев