«Оқыс оқиға бүгін түске қарай сервис колледжінде болды. Сабақта отырған оқушылардың бір бөлігі тұншыға бастағанын сезген. Сабақ тоқтатылып, оқушылардың барлығы сыртқа шығарылған. Улану белгісімен 20 адам ауруханаға жеткізілді. 7 адам жан сақтау бөлімінде. Олардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.
Басқарма толығырақ ақпарат кейінірек беретін болды.