«Мақат-Доссор» жолын қалпына келтіру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші - ҚР Автокөлік жолдары комитеті. «Ақтөбе-Атырау» автокөлік жолының 487-504 шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия Даму Банкі қаржыландырады. Жол құрылыстарына жалпы сомасы 3,3 млрд теңге бөлінеді, соның ішінде 2018 жылғы қалпына келтіруге 2,5 млрд теңге қарастырылады.
«Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып, жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47 адам жұмылдырылды», - дейді «Атыраужолзертханасы» РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.