Айта кетейік, орталықтың ашылғанына алты ай ғана болған.
«Цифрландырудың арқасында келушілер қызметтердің жартысын электронды түрде алып жүр. Бұл біздің де, олардың да уақытын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет сапасына да игі әсер етеді. Болашақ автожүргізушілерге тиісті дағдыларды көрсету үшін арнайы 4 жеңіл көлік қарастырылған. Уақыт өте келе тағы бірнеше автобус пен жүк көлігін аламыз деп отырмыз. Шілде айының өзінде орталық 2,5 мың жүргізуші куәлігін үлестірді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Тұрлан Ержанов.
Мамандандырылған ХҚО-да сондай-ақ медициналық кабинет, дәмхана және банк кассасы орналасқан.