деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компания басшысы атап көрсеткендей, кеше, қыркүйектің 23-і күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы кәріздік жүйелердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Апат салдарынан 1 адам қаза тауып, 1 адамды күйік шалды. Тағы 1 адам жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Барлық өрт сөндіру қауіпсіздігі жүйесі апатты ауыздықтауға жұмылдырылды. Қазіргі уақытта зауыт күнделікті режімде жұмыс істеуде», - деді Қ.Қабылдин.