«Жалын ЭЛОУ-АВТ-3 блогының жылытушы насосынан шыққан. Оқиға таң ата сағат шамамен 04-58 минутта болды. Сағат 05-20-да зауыт аймағында орналасқан өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндірді. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің көмегі қажет болмады»,-деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.
Оқиғаның зауыттың жұмысына қалай әсер еткені туралы ақпарат әзірге жоқ.