Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше "Мұнайшы" стадионында жасанды жабынды төсеу бойынша алдын ала жұмыстар жүріп жатыр.
Жоба қызметкерлері геологиялық, геодезиялық жұмыстарды жүргізуде. Бастапқы кезеңде топырақ құрамы жан-жақты зерттеледі, содан кейін тегістеледі.
"Бұл жұмыстар біраз уақытты қажет етеді, соңғы үлгідегі жасанды жабын төсеу керек, ол асығыстықты көтермейді", -деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.