АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда екі сағаттай бұрын 9 қабатты «Ақ Жайық» қонақүйінің бірінші қабатында орналасқан түнгі клубтан шыққан өрт өршіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт сөндірушілердің тілсіз жауды ауыздықтамақ болған әрекеттері әзірше нәтиже берер емес. Өрт өршіп барады, тіпті қонақүйдің бірінші қабатын шарпып үлгерген. Оқиға орнына өрт сөндіру техникалары мен жедел жәрдем көліктері үсті-үстіне келуде.
Әзірге оқиғадан жапа шеккендер және өрт шыққан ғимараттың ішінде адамдардың бар-жоғы туралы ақпарат түспеді.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.