Атыраудағы перинаталдық орталықта жыл басынан бері 133 сәби шетінеді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы перинаталдық орталықта жыл басынан бері 133 сәби шетінеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокуратура облыстық перинаталдық орталықтыңқызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс кезінде жыл басынан бері 133 нәрестешетінегені анықталды. Осыған қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Соның екеуібойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Перинаталдық орталыққа облыс тұрғындарыныңарыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылып, сенім телефондары көрсетілді», -деп мәлімдеді Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныңмәлімдеуінше, шетінеу жағдайлары ең алдымен салмақтың аздығымен байланысты. Кейбалалар тіпті 500-800 грамм болып туған.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар