Мерекеде бүлдіршіндер Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық видеоқұттықтауын тамашалады. Кішкентай қонақтарды Жаңа 2018 жылмен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, табыстар тіледі.
«Қымбатты балалар, біз Сендерді мақтан етеміз. Біздің болашағымыз - Сендер! Бүгінгі таңда өңірімізде 116 мың оқушы оқиды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сендер жақсы оқуларың үшін барша мектептер мен балабақшаларда заманауи технологиялар қолданылады. Сендердің міндеттерің - әке-шеше, ата-әже сенімін ақтау үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін тиімді пайдалану. Сендер 2017 жылы жақсы оқыдыңдар. Жаңа жылды одан да биік жетістіктермен қарсы алуға тілектеспін!» - деді Н. Ноғаев.
Балаларға ертегі кейіпкерлерінің қызықты мерекелік көріністері тарту етілді. «Маған қатты ұнады. Мұнда балалар өте көп, бізді Аяз ата мен Ақшақар құттықтады. Бүгінгі шырша мерекесі жүрегімде сақталып қалады», - дейді Еркінқала орта мектебінің оқушысы Перизат Базылхан.
Балалардың барлығына Президенттің жаңажылдық сыйлығы: жылы киімдер, спорт киімдері, оқу құралдары және тәттілер тапсырылды.
22:10, 22 Желтоқсан 2017
Атыраудағы Президент шыршасына 850 бала қатысты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы Президент шыршасына 850 бала қатысты. «Асқақ орда - Астана» ұранымен өткен мейрамға ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, аз қамтылған және көп перзентті отбасылардың балалары, оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпараатыт» ХАА тілшісі.