Салауатты өмір салтын насиихаттауға бағытталған шараға 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Облыс орталығының бірнеше көшесін басып өткен жалпы қалалық велошеруге қатысушылар 10 шақырымға жуық қашықтықты бағындырды. Спорттық мерекеге қатысқан жандардың арасында алпысты алқымдаған ақсақалдар да, алты жастағы балалар да бар. Ал орта жастағы қызметтен үнемі қолы босамайтын жұмысбасты тұрғындар үшін бұл нағыз спорттық бәсеке болды. Ал шеру соңы шағын мерекеге ұласып, үздіктер марапатталды.
«Бүгін велошеруге қатыстық. Бабымызды жоғалтпаппыз. Бұл денсаулықты сақтауға, ары қарай өз-өзіңді бабыңда ұстауға қажет деп есептеймін. Сондықтан барша қазақстандықтарды спортпен үнемі шұғылданып тұруға шақырар едім», деді велошеруге қатысушы
Саламат Сабыр.
Фото ATPress.kz