«Апта сайын ұйымдастырылып жатқан ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін осы уақытқа дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында ұйымдастырып келген едік. Міне, екінші апта болды оны «Мұнайшы» спорт кешенінің маңына көшірдік. Қала тұрғындары дән риза», - деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р. Давлетов.
«Ауылшаруашылық өнімдерінің піскен шағында біз тек орталық базарға келіп көтерме бағамен сатып кететінбіз. Қазір өзіміз келіп сауда-саттық жасап жатырмыз. Бұл біз үшін өте қолайлы», - деп атап өтті жеке кәсіпкерлер.
Естеріңізге сала кетелік, аптаның сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылып жүрген жәрмеңке нүктелері «Сарайшық» коммуналдық базарында және «Мұнайшы» спорт кешеніндегі екі жерде орналасқан.