Жылыой ауданында ұзақ жылдан бері жазғы маусымда көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту өзекті проблема болып келген еді.
Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдерінен құралған екіжақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша магистралды су таратқыштан тәулігіне берілетін су мөлшерін 9400-ден 12000 текше метрге дейін көтеру туралы шешім қабылданды.
«Облыс басшылығының «ҚазТрансОйл» АҚ-мен келісіміне сәйкес, екіжақты комиссия құрылды. Комиссия мүшелері Құлсарыда берілетін су мөлшерін көбейтуге шешім қабылдады. Жаз мезгілінде күннің ыстығы кесірінен әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердің жоғары қабатында тұратындар су проблемасына байланысты қиындық көретін еді. Берілетін су көлемінің көбеюі арқасында проблема шешілді, -дейді аудан басшысы Азамат Бекет.