АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудан үш бағытқа қатынайтын жолаушылар пойызы жүрмейді. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын» -делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, діни орындар қызметіне (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) тыйым салынған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылған еді.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.