Атыраудан елордаға бағыт алған ұшақ құстардың кесірінен әуежайға қайта қонған
«Атырау-Нұр-Сұлтан рейсін орындау кезінде көкке көтеріліп бара жатқан әуе кемесі топтасып ұшқан құстарға соғылған (болжам бойынша үйректер мен қаздар). Әуе кемесінің командирі Иван Карпович штатты режимде ұшақты ұшып шыққан портқа қайтару туралы шешім қабылдады. Ұшақ штатты режимде әуежайға келіп қонды», - деді SCAT әуе компаниясы ҚазАқпарат тілшісіне.
Осылайша кеше кешке сағат 22.05-те ұшып шыққан ұшақ 22.17-де қайта қонған. Ұшақта 115 адам болған.
Әуе кемесінің командирі 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі маман.
Әуежайға қайтып оралған жолаушылардың кейбірі билетін басқа күнге ауыстырса, басқаларына билеттің ақшасын қайтарылды.
«Әуе кемесінің командирі Иван Карповичтің кәсіби маман болуының және экипаждың үйлесімді жұмысының арқасында құстармен соқтығысқан ұшақ штатты режимде әуежайға қайта қондырылды», - делінген компания таратқан хабарламада.