АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшақ «Орлан-2000» әуекомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Орлан-2000» әуе компаниясының Ан-2 ұшағы сағат 13:34-де Атырау қаласының әуежайына техникалық жағдайда қайта қонды. Зардап шегушілер жоқ. Шағын әуе кеңістігінің UP-А0008 нөмірлі ұшағы Атырау-Ганюшкино бағытында ұшып жүрген болатын», - делінген комитет хабарламасында.
Орын алған оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.