Атырауды шаңды дауыл басып қалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында таңертеңнен бері шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Атырауда өкпек жел ұйытқи соғып тұр. Кеше атыраулық тұрғындарға 112-ден: «7 наурызда Атырау облысында шаңды дауылдың жылдамдығы 15-20 метр/секундқа жетеді», деген ескерту келген еді.

Ұйытқи соққан өкпек желдің екпіні шаңды дауылға ұласты. Дәл қазір шаңды дауыл Атырауды басып тұр.