Атыраудың 370 жылдығына деректі фильм түсіріледі
16:42, 19 Желтоқсан 2009
АТЫРАУ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Келесі жылдың күзінде аталып өтетін Атырау қаласының 370 жылдығына орай деректі фильм түсірілмек.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевтің айтуынша, фильмді түсіру жөнінде шешім қазірдің өзінде қабылданған. Оған жергілкті бюджеттен қаржы да қарастырылды. Фильмде қаланың негізі қаланған кезден бүгінге дейінгі тарихы қамтылмақ. Деректі картинаның басты кейіпкерлері - өлкені даңққа бөлеген мұнайшылар, балықшылар, ауыл еңбеккерлері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, отан қорғаушылар.