Атыраудың ауруханаларында 4 оттегі стансасы ​ іске қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың ауруханаларында 4 оттегі стансасы ​ іске қосылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанованың айтуына

қарағанда, жыл соңына дейін тағы 5 оттегі стансасы іске қосылады.

«Облыста 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған болатын. Қазір 4 оттегі стансасы

пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ,

12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның бәрі –

коронавирус инфекциясы мен коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарды

емдеуге қажетті жабдықтар» - дейді Нина Оспанова.

Оның мәліметінше, облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдары коронавирусқа қарсы

ем-шара жасауға арналған дәрі-дәрмектің 2 айлық қорымен қамтамасыз етілген. Облыс

әкімінің тікелей қолдауымен дәріханаларды қамтамасыз ету үшін коронавирус

инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 аталым бойынша қоры жасақталып

отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде бір тәулікте 42 жұмысшы індет жұқтырғанеді.