Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті жолаушылар пойызы бригадирлерінен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға және жалпы болысушылық жасағанына заңсыз ақшалай сыйақы алу бойынша қылмыстық сызба ұйымдастырған. 29 қыркүйек күні соттың санкциясымен И.В. Шин қамауға алынды. Параның жалпы сомасы 824 000 теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.