Атыраудың драма театры мен филармония басшылары алаяқтық фактісімен тергеліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті қазір тергеу жүргізуде.
«Атырау әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, осы басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры» директоры, «Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы» директорына үстінен сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу парақорлық, аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру, сондай-ақ алаяқтық фактілері бойынша жүргізілуде», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
Спикердің мәлімдеуінше, сот Бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің басшысына қатысты «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Тергеу жалғасуда.