Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны «Нұрсая» шағын ауданындағы үйлердің біріне ұры түскені туралы хабар берген.
«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған ұрлық дерегімен ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 9 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталғанын жазған болатынбыз.