«Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары Атырау облыстық прокуратура органдарымен бірлесіп, Атырау орталығында заңсыз жұмыс істеп келген астыртын ойынхананы анықтады. Ғимаратты тексеру барысында 4 дана покер үстелі, 4 жинақ «ЗУМ» маркілі «Бинго 37» электрондық рулеткасы, 35 дана фишка, 15 дана жүйелік блок, 13 дана теледидар, 2 дана термопринтер, 2 дана қол сканері, сондай-ақ 68 110 АҚШ доллары мен 18 млн 821 мың 980 теңге қаржы табылды», - деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.
Ойынхананы жабу фактісі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 307-бабы 1-тармағы «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, прокуратураның бақылауымен сотқа дейінгі тергеу басталды.