Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкеннің өртенген аумағы 90 шаршы метрді құраған. Ол түгі қалмай өртеніп кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдарын, сондай-ақ шығын көлемін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, соңғы тәуліктерде өңірде аптап ыстық болып тұр.
Автор: Андрей Соколов