Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген киіктің мүйізі Астрахань тұрғыны жүргізген ресейлік нөмірі бар «Тойота» автокөлігінен табылған. Шетелдік көлік салонында жоғалып бара жатқан бөкендердің 93 мүйізі бар еді. Бұл автокөліктің жолаушысы - Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының жүгі болған.
«Мүйіздерді заңсыз шеттен әкелу дерегімен ҚР ҚК 183 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Контрабанда» бабы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.