Атыраудың сөрелерінде жергілікті жылыжайлардан шыққан көкөністер пайда болды

None
АТЫРАУ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудың сөрелерінде жергілікті жылыжайларда өсірілген көкөністер пайда болды.

Әзірше қала тұрғындары қияр мен қызанақты ғана сатып алуға мүмкіндігі бар. Бірақ, қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінен хабарлағандай, қала маңындағы шаруашылықтар биыл негізінен Өзбекстаннан әкелінетін өнімдерге лайықты бәсекелестік туғыза алады.

«Ауылдық округтерде барлығы 1410 гектар жерге көкөніс-жеміс егілді, оның ішінде 214 гектарын картоп, ал 205-ін бақшалық өнімдер жайлап отыр. Бөлек аумақта қызанақтар, қияр, орамжапырақ, бұрыш пен балдыркөк отырғызылды. Бұл былтыр отырғызылғаннан біршама есе артық», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ғилымжан Иманғалиев.