«Сумен жабдықтау және су бұру бойынша амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалануға жол берген. «Табиғи монополиялар туралы» заңның бұзылуы коммуналдық кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2020-2021 жылдарға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы есебін талдау барысында анықталып отыр. Осыған байланысты, «Атырау облысы су арнасы» үшін уақытша өтемдік тариф бекітілді. Екі қызмет бойынша тұтынушыларға қайтарылатын жалпы сома - 359,5 млн теңге. Өтемдік тариф 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіліп, 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады. Өтемдік тариф Атырау қаласы мен Мақат ауданында қолданылады», - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінен.
Сондай-ақ, «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу» бабымен айыппұл салынды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда газ құятын компания бағаны себепсіз қымбаттатып, 2 млрд теңге табыс тапқаны хабарланған еді.