«16 шілде күні, таңғы уақытта Еркінқала ауылының маңындағы «Ақжайық» резерватында қамыс тұтанған болатын. Бүгінгі күні өрт толықтай сөндірілген жоқ. Оттың тұтану қаупі әлі де сақталуда. Өрттің аумағы 15-18 гектар шамасында. Қазіргі таңда «Ақжайық» резерватында жалынмен күрес жалғасуда. Қорық аумағында «Ақжайық» резерватының 30 адамы мен 6 техникасы жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.
Атыраудың табиғи резерватында оттың тұтанғанын және оның салдарынан қаланы қою түтін басқанын бұған дейін жазған болатынбыз.